×

Судьядан бірнеше рет ескерту алған Бишімбаевтың адвокатына қатысты сот шешімі шықты

Ерлан Ғазымжанов сот отырысы залында тәртіп бұзған

 Халық үні 28.05.2024 | 23:05
Фото: Halyq Uni

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау кезінде бірінші сатыдағы сот оның адвокаты Ерлан Ғазымжановқа жеке қаулы шығарды, деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.

Адвокат Ерлан Ғазымжанов іс жүргізу кодексінің талаптарын біле отырып, судья айтқан талаптарға бағынбай, сот отырысы залында тәртіпті бұзды. Осылайша, адвокат судьяға құрметсіздік танытып, сотқа немқұрайлы қарады. Адвокаттың атынан түскен жеке шағымның дәлелдері расталмады. Өйткені, төрағалық етуші судья ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 57-бабының талаптарын сақтай отырып сот отырысын өткізді, –  делінген хабарламада.

Осылайша, Астана қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен адвокат Е.Ғазымжановқа қатысты бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды, яғни адвокаттың жеке шағымы қанағаттандырылмады.

Аталған акті заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама