×

Астанадан пәтер, Дубайға жолдама және көлік: экс-депутат 50 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті

Тойды тізгіндеген асабаның айтуынша, тойға 2 ай дайындалған

 Халық үні 28.05.2024 | 19:31
Фото: Instagram парақша

Бұл тойға келген қонақтарға автокөлік, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама, IPhone маркалы 10 телефон, иіссу, сондай-ақ, басты сыйлық Астанадан пәтер сыйланған. Сыйлықтар лотерея арқылы таратылды, деп жазады inbusiness.kz

Белгілі болғандай тойда МузАРТ, Raim, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Өзбекстанның әншілері, Ресейден келген «Мираж» тобы, Германиядан келген Bad Boys Blue тобы өнер көрсеткен.

Сондай-ақ өнер жұлдыздары мен шенеуніктер, соның ішінде Иманғали Тасмағамбетов те бар.

Мақсат Раманқұлов – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты. Ол 1974 жылғы 21 мамырда дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 Шымкент көлік прокурорының көмекшісі ретінде басталған. Кейін Оңтүстік-Шығыс көлік прокуратурасының ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры, BGМ ЖШС директоры, Mabex Trade LTD ЖШС жеке құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды.

Қазір ол Қазақстан ММА аралас жекпе-жек федерациясы қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Тоғызқұмалақ» халықаралық спорт федерациясының вице-президенті.

Сондай-ақ Мақсат Раманқұлов  VII сайланған Парламент Мәжілісінің «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған депутаты болды. «Құрмет» орденінің иегері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама