Halyq Uni логотип
×

Биыл ресейлік компания Көкшетауда ЖЭО құрылысын бастайды – Алмасадам Сәтқалиев

Семей мен Өскемендегі ЖЭО құрылысы келесі жылы басталуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 28.05.2024 | 14:42
Биыл ресейлік компания Көкшетауда ЖЭО құрылысын бастайды – Алмасадам Сәтқалиев
фото: Halyq Uni

Биыл Көкшетау қаласында жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысы басталады. Облыс орталығындағы ЖЭО-ны ресейлік компания салады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ресей биыл Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысын бастайды. Бұл ақпаратты растаймын. Семей мен Өскеменде (жобаның) техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жыл соңына дейін оларды бекітуді жоспарлап отырмыз. Кестеге сәйкес, келесі жылы ЖЭО-ларды салуға кірісеміз. Бұл көмір және газбен жұмыс істейтін станциялар болады, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Еске салайық, 2023 жылғы қарашада Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр орталығын салу туралы келісімге қол қойған еді. Осыдан кейін БАҚ-та аталған үш қаладағы ЖЭО-ларды «Интер РАО» ресейлік компаниясы салатыны белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама