Батыс Қазақстан облысында бір отбасы жол апатына түсті
1961 жылғы әйел адам көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында бір отбасының мүшелері жол апатына ұшырады. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспсөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні сағат 18.13-те Ақсай-Шыңғырлау жолының 34-шақырымында болған. 41 жастағы ер адам айдап келе жатқан «Рено Сандеро» автокөлігі аударылып қалды. Автокөлік салонында әкесі мен анасы, баласы мен қызы, барлығы бес адам болған. Жол апаты салдарынан 1961 жылғы әйел есін жия алмастан ауруханада көз жұмды, – деп мәлімдеді полиция майоры Дариға Мәжитова.
Оның айтуынша,жүргізуші қалғып кеткендіктен, көлікке ие бола алмай аударылған. Медициналық куәландыруға сәйкес ол ішімдік ішпеген.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жасөспірім жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.