×

Мемлекетаралық іздеу жарияланған қазақстандық кәсіпкер ұсталды

Оған 1,1 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылып отыр

 Динара Амантай 04.06.2022 | 10:33
Әнуарбек Жексенғалиев, фото: ҚМА

Іздеу жарияланған қазақстандық кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекетаралық іздеуге жарияланған Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлын Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады, – делінген хабарламада.

Тергеу А.Жексенғалиев Корпораивті табыс салығын қайтару түріндегі 1,1 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлаумен айналысты деп есептейді.

Еске сала кетсек, бұл іс бойынша кәсіпкер Еркін Медетбековке де іздеу жарияланған болатын. Сондай-ақ, агенттік іздеу салынған азаматтарға қатысты ақпарат үшін ақшалай сыйақы қарастырылғанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама