Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, лауазым иелері бизнес өкілінен жүйелі түрде жалпы көлемі 40 млн теңгеден астам пара алып отырған деген күдікке ілінген. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.