Halyq Uni логотип
×

Антикор Өртке қарсы қызмет төрағасына қатысты тергеуді аяқтады

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр 

 Динара Амантай 28.05.2024 | 09:26
Антикор Өртке қарсы қызмет төрағасына қатысты тергеуді аяқтады
Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, лауазым иелері бизнес өкілінен жүйелі түрде жалпы көлемі 40 млн теңгеден астам пара алып отырған деген күдікке ілінген. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама