Halyq Uni логотип
×

Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам тасқын суы жиналды

Жиналған су экономикалық қажеттіліктер үшін пайдаланылады

 Динара Амантай 28.05.2024 | 09:09
Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам тасқын суы жиналды
Фото: Halyq Uni

Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды. Жиналған су экономикалық қажеттіліктер үшін пайдаланылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді, – деді Су ресурстары және ирригация министрі.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты. Бұдан бөлек, тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленетін болады.

Сондай-ақ, елді мекендер үшін тәуекелдерді көрсететін тасқын суы қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама