Halyq Uni логотип
×

Екібастұздың бас көшесіндегі құбырдан ыстық су атқылады

Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Халық үні 28.05.2024 | 08:25
Екібастұздың бас көшесіндегі құбырдан ыстық су атқылады
фото: видеодан скриншот

Бүгін Екібастұз қаласында магистральдық және квартал ішіндегі жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілген, деп хабарлады Halyq Uni.

Олардың беріктігі мен тығыздығы тексеріліп, салдарынан көшелердің бірінде «субұрқақ» атқылай бастаған. 

Куәгерлер мұны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді.

426 диаметрлі жылу желісі зақымданды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Екібастұз жылу желілері» кәсіпорнының директоры Евгений Банченко.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама