БҚО тұрғыны анасын пышақтап өлтірген

Халық үні

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты

Sputnik / Murad Orujov

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тұрғынға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды.

БҚО сотынан мәліметінше, тұрғын ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес айыпты деп танылды. Сот талқысында анықталғанындай, 2023 жылы 1 қараша күні сағат шамамен 00.30-да Орал қаласының тұрғыны мас күйінде өзінің анасымен сөзге келіп, аңшылық пышағымен оң жақ кеуде тұсына соққы жасаған. Салдарынан марқұм сол жерде жан тапсырған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты. Сот үкім шығарған кезде қылмыстың сипаты мен қоғам үшін қауіптілігін, жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескерді. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушіден талап арыз түскен жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан.