Ол қазақстандықтардың 90 пайызы осы тілде еркін сөйлейтінін атап өтті
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев «Россия 24» телеарнасының эфирінде Қазақстанда барлығы дерлік орыс тілінде сөйлейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Қазақстан халқының барлығы дерлік сөйлейтін орыс тілінде бізде ешқандай проблема жоқ. 90 пайызы осы тілде еркін сөйлейді», - деді ол.
Көшербаевтың айтуынша, елімізде «қазақ тіліне қатысты мәселелер» бар.
Дипломат айтуынша, қазір елде 6942 мемлекеттік мектеп бар, оның ішінде 1121 мектеп (16%) орыс тілінде оқытылады; 2075 мектеп (30%-дан астам) аралас.
«Бір миллионнан астам адам орыс тілінде білім алуда. Егер біз еліміздің халқының ұлттық құрамын негізге алсақ, онда бұл өте жақсы көрсеткіш деп санаймын», - деді дипломат.