Halyq Uni логотип
×

Энергетика министрлігі инвесторға жобаны келісуді кешіктірген

Бүгінде прокурорлар кәсіпкерлердің 218 проблемалық кейсін шешті

 Динара Амантай 27.05.2024 | 17:36
Энергетика министрлігі инвесторға жобаны келісуді кешіктірген
Фото: Halyq Uni

Бас прокуратура Энергетика министрлігінің инвесторға жобаны келісуді кешіктіргенін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдері мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмыс шеңберінде Батыс Қазақстан облысында метанол өндірісі бойынша газ-химия кешенін салу жобасын іске асыратын отандық инвестордың проблемасы анықталды. Атап айтқанда, Энергетика министрлігі заң талаптарын бұза отырып, (15 жұмыс күнінің орнына) инвестициялар туралы келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны құру мерзімін 60 күнге дейін созған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін Энергетика министрлігінің департамент директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде прокурорлар инвесторлардың 218 проблемалық кейсін шешті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама