×

СҚО-да 80-ге жуық шенеунік жауапқа тартылды

Прокуратура ветеринария саласында заңбұзушылықтарды анықтады

 Динара Амантай 27.05.2024 | 17:55
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы жүйелі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тексеру кезінде ветеринария заңнамасының талаптарын өрескел бұзу фактілері анықталды. Облыстың ветеринарлық қызметтері «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына қайшы, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзып, ірі қара малға диагностикалық зерттеулерді толық жүргізбеген.

15 мың жағдайда ветеринарлар толықтыру арқылы малдарды вакцинациялау жиілігін асыра бағалаған. 242 жағдайда белгіленген тәртіпті бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық анықтамалар берілген. Ветеринариялық ережелердің талаптарына қайшы, жергілікті атқарушы органдар сібір жарасы қорымдары мен мал қорымдарын тиісті деңгейде ұстауды қамтамасыз етпеген. Сою пункттері мен алаңдардың жеткіліксіздігінен жеке шаруашылық алаңдарында малды сою тәжірибесі жалғасып жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 78 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыс әкімдігі заңбұзушылықтарды жоюға және осы саладағы жағдайды жақсартуға бағытталған кешенді жоспарды бекітті.

Осыған байланысты қадағалау органы жеке және заңды тұлғаларға ветеринария саласындағы бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады. Осы үшін әкімшілік айыппұл (73 840-тан 738 400 теңгеге дейін) қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама