Ертең 54 келі салмақтағы Ұлжан Сәрсенбек америкалық Шэрой Мэй Патрисиомен күш сынасады
Бокстан Таиландта өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Ол 75 келі салмақта украиналық Каролина Махноны 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша, ол Римма Волосенконың ізін ала турнирдің екінші айналымына шықты.
Таиландтағы іріктеу турнир 3 маусымда аяқталады.
Валентина Хальзованың келесі қарсыласы – моңғолиялық боксшы Эденетуя Энхбаатар.
Жекпе-жек 1-маусымға жоспарланған. Ал 28 мамырда шамамен сағат 11:45-те 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы түркиялық боксшы Мизан Айколмен қолғап түйістіріп, лицензиялық турнирде екінші рет шаршы алаңға шығады.
Кешкі сессияда 16:45-те 54 келі салмақтағы Ұлжан Сәрсенбек америкалық Шэрой Мэй Патрисиомен күш сынасады.