Ақтөбеде ветеринарлық зертхана рұқсатсыз жұмыс істеген
Прокуратура аталмыш салада бірқатар заңбұзушылықты анықтады
Ақтөбе облысында табиғат қорғау прокуратурасы шараларымен анықталған заңбұзушылықтар бойынша ветеринариялық зертхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тексеру барысында ветеринариялық-санитариялық ережелер талаптарының көптеген бұзушылықтары, үй-жайларды желдету, сумен жабдықтау, жылу жүйелері, сараптаманың әртүрлі түрлерін жүргізуге арналған жеке үй-жайлардың, сойылған жануарларды қарап-тексеру және ветеринариялық сараптаманы есепке алу журналдарының жоқтығы анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кейбір зертханаларда етті тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен химиялық реагенттер болмаған.
Сонымен қатар, Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 1 зертхананың қызметі тоқтатылып, 4 зертханаға 370 мың теңге айыппұл салынды.