Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Дастан Жұмабекұлы

Қазақстан құрамасы D тобына түсті

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Өзбекстанның Самарқанд қаласында 14-қыркүйек пен 6-қазан аралығында футзалдан болатын әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Әлемдік дода Өзбекстанның үш қаласында – Ташкент, Бұхара мен Әндіжанда болады.

Жеребе тарту рәсімі Регистан алаңында болды.

Қазақстан ұлттық құрамасы жеребе қорытындысы бойынша D тобына түсті. Қарсыластары – Испания, Жаңа Зеландия мен Ливия құрамалары.

Құрама команданың топтық кезеңіндегі ойындары 15, 18 және 21 қыркүйекте Әндіжан мен Ташкентте өтеді.

Биыл Қазақстан төрткүл дүние додасына төртінші рет қатысады. Бұған дейін ұлттық құрама  Гватемала, Колумбия мен Литвада өткен әлем чемпионаттарына қатысқан еді

Бірінші ойын 15 қыркүйекке жоспарланып отыр. Осы күні Каканың жасақтаған командасы  Испания құрамасымен Әндіжандағы әмбебап спорт кешенінде кездеседі. Одан кейін еліміздің бас командасы 18 қыркүйек Ливиямен ойнайды. Бұл матч та Әндіжандағы әмбебап спорт кешенінде болады.

21 қыркүйекте Ташкенттің «Хумо Арена» стадионында Қазақстан мен Жаңа Зеландия командалары алаңға шығады.

Басқа топтарда мына командалар ойнайды:

А тобы

Өзбекстан

Нидерланды

Парагвай

Коста-Рика

В тобы

Бразилия

Куба

Хорватия

Тайланд

 С тобы

Аргентина

Украина

Ауғанстан

Ангола

Е тобы

Португалия

Гватемала

Тәжікстан

Марокко

F тобы

Иран

Венесуэла

Панама

Франция