Halyq Uni логотип
×

Қостанайда ҚТЖ филиалының басшылық құрамы жемқорлық үшін сотталды

Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады

 Динара Амантай 27.05.2024 | 14:48
Қостанайда ҚТЖ филиалының басшылық құрамы жемқорлық үшін сотталды
Фото: СЖҚА баспасөз қызметі

Қостанайда ҚТЖ филиалының басшылық құрамы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикор мәліметінше, Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлы мен «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкімді жариялады.

Сотталғандар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы көлемі 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін сотталды. Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада..

Сонымен қатар сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама