×

Қазақстан – индорхоккейден Азия кубогының қола жүлдегері!

Иран құрамасы жеңімпаз атанды

 Дастан Жұмабекұлы 27.05.2024 | 13:20
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Талдықорған қаласында индорхоккейден Азия кубогы үшін турнир аяқталды.

Турнирде Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды. Ольга Урманова жаттықтыратын командамыз Таиланд ойыншыларын 7:2 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Мачта Аман Елубаев покер жасаса (4 гол), Еркебұлан Дүйсенбеков, Ермек Ташкеев пен Тілек Өзбек бір-бір голдың авторы атанды. Ал қақпашы Ленур Вишняков ойынның үздік ойыншысы атағын алды.

Финалда Иран мен Индонезия құрамасы финалға шығып, 2025 жылы Хорватияда өтетін әлем чемпионатына сары құрлықтан жолдама алды.

Бұл ойында Иран құрамасы қарсыластан 7:1 есебімен басым түсті.

Бір аптаға созылған Азия кубогында 8 елдің хоккейшілері жиналып, сынға түсті.

Сөйтіп, ерлер құрамасы алтыншы рет Азия кубогында жүлде алды. Қазақстан бұған дейін үш рет күміспен (2015, 2017 жылы Катарда, 2019 жылы Чонбуриде) күтпелсе, тағы үш рет қола (2014, 2022, 2024) жүлдені жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама