Halyq Uni логотип
×

БҚО-да есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Ол ұрлаған ақшасын ойынға салып жіберген

 Динара Амантай 27.05.2024 | 11:43
БҚО-да есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Фото: Depositphotos

Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе аудандық соты мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепшіге үкім шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Соттың үкіміне сәйкес, ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Қаратөбе аудандық прокуратурасы есепшінің мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғанын анықтады. Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен («Өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Келтірілген шығынның 1 млн астамын ғана қайтарған сотталушы сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама