×

Волонтерлік бастамаларды іске асыруға 70 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді

Өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды

 Динара Амантай 27.05.2024 | 11:00
Фото: Halyq Uni

Қазақстанның барлық өңірлерінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік бастамаларды іске асыру бойынша шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл жоба түрлі бағыттар бойынша нақты жергілікті міндеттерді шешуге бағытталған және ол 25 сәуірден 31 мамырына дейін өткізіледі.

Конкурсқа қатысу өтінімдерін Birgemiz жобаларын іске асыратын 8 үкіметтік емес ұйым қабылдап жатыр. Birgemiz гранттар бағдарламасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен үшінші жыл қатарынан табысты іске асрырылып жатыр. Бұл мемлекеттік гранттарды еріктілер қатарындағы кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар, сондай-ақ бастамашыл топтар мен ҮЕҰ ала алады. Биыл конкурс аясында әрқайсысы 300 мың теңгені болатын 240 шағын грант беріледі.
 
Birgemiz жобасының еріктілер бастамалары келесі бағыттарды қамтиды:

  • BIRGEMIZ: Bilim;
  • BIRGEMIZ: Saýlyq;
  • BIRGEMIZ: Sabaqtastyq;
  • BIRGEMIZ: Taza Álem;
  • BIRGEMIZ: Asyl mura;
  • BIRGEMIZ: Qamqor;
  • BIRGEMIZ: Úmit;
  • BIRGEMIZ: Ayala.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 31 мамырға дейін ұзартылды. Ал конкурстың қорытындыларын шығару және іріктеу нәтижелерін жариялау 2024 жылғы 18 маусымда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтында көрсетілген құжаттардың толық пакетін дайындау және тапсыру қажет. Қосымша ақпарат пен ұйымдастырушылардың байланыстарын cisc.kz сайтынан табуға болады.

Жергілікті қоғамдастықтардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге қабілетті еріктілерді, бастамашыл топтар мен ҮЕҰ өкілдерін өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін аталмыш конкурсқа қатысуға шақырамыз, – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама