Спорт гимнастикасынан АЧ: Аида Бауыржанова алғашқы жүлдесін алды

Дастан Жұмабекұлы

Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді

Фото: Olympic.kz

Өзбекстанның Ташкент қаласында спорт гимнастикасынан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды.

Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медальге ие болды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Спортшы Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. 

Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.