Ақтөбе-Қандыағаш жолын жөндеу жұмыстары жыл соңында аяқталады
Құрылыс нысанында 125 мың тоннадан аса асфальтобетон қоспасы қолданылды
Осы жылдың соңына дейін «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңару жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының 11-100 шақырымдағы учаскесінде қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері құрылыс нысанында 125 мың тоннадан аса асфальтобетон қоспасы қолданылып, ол 30 мың шақырымға жуық жолды салуға мүмкіндік берді.
Қайта жаңарту жұмыстарының жоспары бойынша 96 шақырым автожол жаңартылып, оның ішінде 78 шақырымы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін төрт жолақты І-Б техникалық санатына ауыстырылады. Ал тағы 18 шақырымы Қандыағаш қаласын айналып өтетін ІІ техникалық санаттағы екі жолақты болып жабдықталмақ.
Сонымен қатар, жоба аясында 18 көпір құрылысын салу, 66 құбыр тарту және осы жол учаскесінде қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды соғу жоспарланған.
Аталмыш жол учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстары Ақтөбе және Атырау облыстары арасындағы көлік логистикасын жақсартуға, жолдың техникалық параметрлерін оңтайландыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және оның өткізу қабілетін арттыруға әкеледі. Жобаны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.