Halyq Uni логотип
×

Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды

Меншік иесіне қатысты іс сотта қаралды

 Динара Амантай 27.05.2024 | 09:32
Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы қаласы Қайрат шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылыс нысаны бұзылды. Меншік иесі оны рұқсатсыз салған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы күйіне келтіруге нұсқама бере отырып, 1-баптың 316-бабы бойынша әкімшілік шаралар қабылдаған. Өз кезегінде меншік иесі нұсқаманы орындамады. Осыған байланысты іс сотқа жіберілді.

2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында талап қою қызметінің нәтижелері бойынша өткен жылдан бастап қала бойынша 35 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды. Оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама