Halyq Uni логотип
×

Елімізде 240-тан аса педагог ведомстволық наградаларға ие болды

Министр ұстаздарға алғысын білдірді

 Динара Амантай 27.05.2024 | 09:24
Елімізде 240-тан аса педагог ведомстволық наградаларға ие болды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Әр өңірде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, 240-тан аса педагог Оқу-ағарту министрінің атынан ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғани Бейсембаев ұстаздарға көп жылғы адал еңбектері мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Білім саласы – болашақтың негізі, оның басты тірегі – бар күш-жігері мен білімін баланы оқытып, тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаздар қауымы. Әр баланың тұлғалық қалыптасуының бастауында сіздер тұрсыздар, еліміздің білімді, рухани бай ұрпағын қалыптастырып келесіздер. Ұстаздық қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіз үшін шынайы ризашылығым мен шексіз құрметімді білдіремін, – деді министр.

Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен «Үздік педагог» атағының иегерлері, 190 педагог-шебер марапатталып, 20 педагогке «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды. 700-ден астам педагог «Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасына» және «Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатына» ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама