Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан шамамен 4 мың метр биіктікке көтерілген
Алматыда құтқарушылар тауға шыққан 11 жасөспірімге көмектесті, деп хабарлады ТЖМ.
Балалар қар аралас жаңбырға қарамастан Турист шыңына (3954 метр) көтерілген. Алайда сол жерде біреуінің үстіне тас түскен.
Құтқарушылар жоғары көтеріліп, 5 адамды түсірген, біреуі жарақат алған. Біраз уақыттан соң басқа жасөспірімдер де табылды.