«Көлікте мектеп бітіруші түлек бар»: Жамбыл облысында жасөспірімдер жантүршігерлік жол апатына ұшырады
Жол апаты 25 мамырда болған.
Жамбыл облысы Жуалы ауданында жол апатынан бір адам қаза тапты. Көлік ішінде мектеп бітіруші түлек те болған.
Бұл туралы Жуалы ауданы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
Жол апаты 25 мамырда болған.
«Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған», - делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан 21 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың жағдайы тұрақты, бақылауда.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген ақпаратта.