×

Қазақстандық олигархтардың дүниесін тәркілеу керек – Ермұхамет Ертісбаев

Халық соны талап етеді... 

фото: ашық дереккөзден

Қазақстан халық партиясының жетекшісі Ермұхамет Ертісбаев бұл жайында «Байтасов Live» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды aikyn.kz. 

Оның айтуынша, 4 қаңтарда халық көтеріліске шықты. 5 қаңтар күні бейбіт ереуіл контрреволюцияға айналды. Халықты пайдаланып алаңға қылмыскерлер мен ұрлықшылар да шығып, заңсыз әрекеттерге елді бастап, дүрбелеңге салды. Осылайша, ереуіл қанды қырғынға айналғанын сөз етті.

«Тоқаевқа жаңа саяси құрылымды, жаңа әлеуметтік-экономикалық үлгіні қалыптастыру үшін халықтың қолдауы қажет. Ол үшін Президенттің елден шығарылған 146 миллиард  долларды қайтаруға ықпал жасауы дұрыс шешім. Меніңше, 1990 жылдардағы жекешелендіру нәтижелерін қайта қарау керек. Сөйтіп, біржақты тәртіппен қазақстандық миллиардерлердің дүниесін тәркілеу қажет. Халық соны талап етеді. 146 миллиард қайтарылса, Қазақстан үшін үлкен серпіліс әрі жаңа белестерге жол ашылады», – деді Ертісбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бүгін ауа райы қандай болады?

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады
28.05.2023 | 00:00

Елена Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады

Барымды салсам, кез келген қарсыласты жеңе аламын, дейді ол
27.05.2023 | 22:42

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52