Алматыда қыздар жігітті ұрып-соғып, оны видеоға түсірген

Халық үні

Видеодан екі қыздың қара спорттық костюм киген жігітті жұдырықтап, теуіп жатқанын көруге болады

Фото: Halyq Uni

Желіде Алматыда екі қыздың жігітті ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады. Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Видео Telegram-дағы Buzyq арнасында пайда болды. Видеодан екі қыздың қара спорттық костюм киген жігітті жұдырықтап, теуіп жатқанын көруге болады. Кадрларға қарағанда, олар жігіттің басынан және ішінен ұрған.

Қыздардың бірі иығына 2024 жыл деп жазылған лента тағып алған. Жазба авторының айтуынша, видео Алматыда түсірілген.

nur.kz тілшісі пікір алу үшін мегаполис полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты. Бұған жауап ретінде тәртіп сақшылары бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазір олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің басқа мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.