×

Марқұм Салтанат Нүкенованы қаралаған журналист сотталды

Антон Бударов 14 желтоқсанда өз парақшасында Салтанат Нүкенованы қаралап, өзін кінәлаған жазба жариялаған

 Халық үні 26.05.2024 | 19:33
Фото: instagram/_salta_n

Салтанат Нүкенованы қаралап, әлеуметтік желіге жазба жариялаған журналист Антон Бударов сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Антон Бударов 14 желтоқсанда өз парақшасында Салтанат Нүкенованы қаралап, өзін кінәлаған жазба жариялаған. 

«Мен Бишімбаевтың әйелі Салтанатты жәбірленуші деп санамаймын. Ол нағыз абьюзер, күйеуімен ішімдікке салынып, төбелес шығарған. Барып тұрған алаяқ, астрология курсын сатқан. Қарапайым есірткіқұмар отбасы, ол әйел нағыз оңбаған», – деп жазған журналист.

Журналиске қатысты сот үкімі туралы адвокат Дамир Ишмаметов жазды. Оның айтуынша, 2024 жылдың 20 мамырында Бостандық аудандық соты Бударовтың Салтанат Нүкенова туралы жазбасын жалған деп тану жөнінде үкім шығарған. 

«Бударов Антон Юрьевич көпшіліктің алдында үндеу жасау арқылы өзі таратқан ақпаратты жоққа шығаруға міндеттелді. Сонымен қатар сот шығындарына жұмсалған 650 мың теңгені Амангелді Айтбекке өндіруі керек», – деп жазды қорғаушы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама