×

Елордалық оқушыны пышақтау оқиғасы: Қыздың жағдайы ауыр

Бүгін қалада жантүршігерлік оқиға тіркелді

 Қымбат Елтайқызы 26.05.2024 | 18:03
osp.ru

Жасөспірім пышақтаған астаналық оқушының жағдайы ауыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпбейінді ауруханаға іштің алдыңғы қабырғасынан бірнеше жарақат алған 2006 жылғы қызды жеткізді», - деп мәлімдеді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. 

Ақпаратқа сай, пациенттің іш қуысы жағына операция жасалған. Қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. 

Бүгін Астанада 18 жастағы бойжеткенді пышақтап кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама