Қостанайда үш жасар бала үйдің екінші қабатынан құлап кетті

Халық үні

Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылды

фото: inform.kz

Қостанай қаласында үш жасар бала үйдің екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала аууханаға жатқызылды, деп хабарлады ТЖМ.

Қостанай қаласында үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. Оқиға бүгін түстен кейін жеке үйдің аумағында болды.

Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылды. ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз, - деп ескертті ведомство өкілдері.