Маңғыстау облысында түлектер соңғы қоңырауда жаппай төбелесті (видео)
Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысында мектеп түлектері соңғы қоңырау салтанаты кезінде жаппай төбелесті. Полицейлер бөлімшеге кәмелетке толмаған 47 баланың жеткізілгенін мәлімдеді.
Маңғыстау облысындағы Боранқұл ауылында соңғы қоңырау салтанаты түлектердің жаппай төбелесіне ұласқан. Оқиғаның видеосы 112_aktau Instagram желісіндегі 112_aktau паблигінде пайда болды. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.
Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған 47 бала полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеріс болып жатыр. Әзірге басқа мәлімет жария етілмейді, - делінген хабарламада. Ескерту: видеода балағат сөздер мен зорлық-зомбылық көріністері бар!