Рудныйда жасөспірім ойын алаңында асылып қалды
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды
Қостанай облысы Рудный қаласында 12 жастағы бала аулада ойнап жүріп, көз жұмды. Оның абайсызда арқанға оралып қалуы мүмкін екендігі туралы болжам бар.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алдын ала ақпарат бойынша, ересектер оқыс оқиға орнына жүгіріп жеткенімен, бәрі кеш болған.