Мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеді
Алматы облысының Текелі қаласында өзеннен баланың мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне өзенде баланың мәйіті қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қора өзенінен 2018 жылғы баланың мүрдесін алып шықты»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері су қоймаларында бір бала батып кеткен. Мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеді.