Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында баланың мәйіті табылды

Мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеді

Алматы облысында баланың мәйіті табылды
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының Текелі қаласында өзеннен баланың мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне өзенде баланың мәйіті қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қора өзенінен 2018 жылғы баланың мүрдесін алып шықты»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері су қоймаларында бір бала батып кеткен. Мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама