Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды
Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.
Халық үні
24.05.2024 | 21:38
Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген.
Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.