×

«Әкемді ұрып, анама бұрыш баллонын шашып кетті»: Астанада ерлі-зайыптыға шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

Instagram-дағы zhaloby.astana парақшасында жазба пайда болды, онда автор ата-анасына көшеде шабуыл жасалғанын айтқан.

 Халық үні 24.05.2024 | 20:40
Фото: Halyq Uni

Желіде Астанада ерлі-зайыптыға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат жарияланды. Қазір полицейлер күдіктілерді іздестіріп жатыр. Бұл туралы елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған nur.kz хабарлайды.

Instagram-дағы zhaloby.astana парақшасында жазба пайда болды, онда автор ата-анасына көшеде шабуыл жасалғанын айтқан.

«Олар әкемді ұрып-соғып, әкеммен қоса анама да бұрыш баллонын шашып кетті. Бұл жағдайға әкемнің темекі беруден бас тартқаны себеп болған, 17-21 жас аралығындағы жігіттер төбелес шығарып, анамның «Тоқтатыңдар!» деген өтінішіне қарамастан, арқасынан таяқпен ұрған, содан соң бұрыш баллонын шашқан», - делінген желідегі жазбада.

Осы жайтқа байланысты полиция департаменті Байқоңыр аудандық полиция басқармасында бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама