Үндістанда химия зауыты жарылды

Дастан Жұмабекұлы

Алты адам қаза тапты

Фото: mir24.tv

Үндістанның орталығындағы Махараштра штатындағы химия зауытында жарылыс болды.

The Indian Express газетнің хабарлауынша, жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 48 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Жарылыс ошағы алдымен зауыттың қазандығында, содан кейін өрт сол жерден тез арада бүкіл ғимаратты шарпыған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Полиция құрбандардың бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты. Апаттың ықтимал себебі қазандықтың қызып кетуінен болуы мүмкін. Дәл осы күндері Үндістанның орталық бөлігінде аптап ыстық болып, ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілді.