×

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын бір қола медальмен аяқтады

48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Абужақынова ғана қола жүлдегер атанды

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2024 | 14:37
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында аралас командалық жарысты аяқтады.

Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Германиямен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Ел құрамасы сапында Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана қарсыластарын жеңді.  Ал Екатерина Токарева, Айдар Арапов, Бақыт Құсақбаева мен Дархан Қойбаған қарсыластарына есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады. Команда сапында 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Абужақынова ғана қола жүлдегер атанды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама