×

Полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 24.05.2024 | 13:11
Фото: polisia.kz

Алматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талғар ауданының полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Аудан орталығы қала маңындағы саяжайлардың біріне шу мен айқайға алаңдаған жергілікті тұрғындардың шақыруына учаскелік полиция инспекторы барған. Өз міндеттерін атқарып жатқанда құқықбұзушылар тәртіп сақшысын балағаттаған.

Куәгерлердің айтуынша, ер азаматтар өздерін агрессивті ұстап, құқық қорғау органдарының қызметкеріне дөрекі сөйлеген. Көмекке келген патрульдік экипаж күдіктілерді жедел ұстап алып, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама