Ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты

Дастан Жұмабекұлы

Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты.

Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.600 ұпай алып,  іріктеуде екінші орын алса, 13.750 ұпай жинаған Асан Салимов алтыншы орыннан көрінді.

Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады. Ол бірінші орынға шықты.

Зейнолла Идрисов 14.850 ұпаймен екінші орынға орналасты.

Қос сырық жаттығуында Дмитрий Патанин 13.600 ұпаймен сегізінші орынды қанағат тұтты.

Бұл жарысқа барлығы 25 елден 76 гимнаст жиналды.