«Бештикташ» пен «Трабзонспор» клубтарының ойыны 3:2 есебімен аяқталды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Ыстанбұл қаласының «Бешикташ» клубының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Түркиядағы алғашқы жетістігіне жетті.
«Бештикташ» Түркия кубогының финалында Трабзон қаласының «Трабзонспор» клубын 3:2 есебімен жеңіп, он бірінші рет ел кубогының иегері атанды. Сөйтіп, Ыстанбұлдың командасы осы жеңістің арқасында Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Бұл матчта Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты ойнаған жоқ. Ол қосалқы құрамда қалып, алаңға шықпады.
Ойында бірінші болып есепті қонақтар ашты. 13-минутта Пол Онуачу «Трабзонспорды» алға шығарды. Одан кейін бірінші таймға қосылған уақытта Рашид Геззал пенальтиден есепті теңестірді.
Екінші таймда «Трабзонспордың» ойыншысы Джексон Мулека 54-минутта алаң иелерінің қақпасына гол салып, таблодағы есепті өзгертті. Ал ойынның негізгі уақыты аяқталуға бір минут қалғанда Николас Пепе есепті теңестіріп, командасын жеңілістен аман алып қалды.
Матчта жеңіс голын Әли әл-Моатасембелла сыйлады.
Ол ойынның негізгі уақытына қосылған 4-минутта айыпдоп алаңының сыртынан допты қақпаның сол жақ бұрышына теуіп, нысананы дәл көздеді.