Екібастұзда жүргізуші велосипедшіні қағып кетті
Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды
Павлодар облысының Полиция департаменті 23 мамырда Екібстұз қаласында Әуезов көше бойында «ВАЗ-2106» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың ортасында тұрған велосипедшіні қағып кеткенін хабарлады.
Одан велосипедші жарақат алып, дереу ауруханаға жатқызылды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды, – деп хабарлады департамент.
Павлодар облысының Полиция департаменті жолда велосипедшілер, басқа көліктер мен жаяу адамға жол беру керектігін еске салады. Велосипедшілерге жаяу адам жолымен велосипедтің үстінде отырып жүруге, сондай-ақ бұрылуға рұқсат етілмейді. Сондықтан велосипедтен түсіп, жаяу адам сияқты жолдан өту керек.