×

Петропавлда жер қатынастары басқармасының басшысы жауапқа тартылды

СҚО-ның прокурорлары мемлекетке жер учаскелерін қайтарды

 Динара Амантай 24.05.2024 | 11:11
Фото: Halyq Uni

Прокуратура жер қатынастары саласында жүргізілген талдау кезінде жер учаскелерін конкурстан тыс заңсыз беру, оларды ұзақ уақыт пайдаланбау, сондай-ақ олар үшін меншік құқығын сатып алуды төлемеу сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Есіл, Уәлиханов, Шал ақын, Тимирязев аудандары мен Петропавл қаласының жер пайдаланушыларымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабын бұза отырып, жалпы ауданы 8,5 мың гектар 65 жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Осыған қарамастан жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары бұл жерлерді алып қою үшін тиісті шаралар қолданбаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Басқа жағдайда, Айыртау ауданы әкімдігі мен Петропавл қаласы жер қатынастары бөлімдерінің лауазым иелері жер пайдаланушылардан бюджетке меншік және жалға алу құқығын сатып алу үшін сомасы 94 млн теңге берешекті өндіріп алу шараларын қолданбаған.

Бұл ретте Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Кодекс талаптарын бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға конкурстан тыс 6 жер телімін берген.

Қадағалау органының актілері бойынша 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Петропавл қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мемлекетке көлемі 44 млн теңгеге келтірілген залал өтелді. Жалпы кадастрлық құны 180 млн теңгеден асатын 20 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қалған жер телімдері бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама