Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген

11 компанияға қатысты сот процестері жалғасып жатыр.

 Динара Амантай 24.05.2024 | 10:52
Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен уәкілетті орган кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіргені үшін жер қойнауын пайдаланушылардан келтірілген залалды өндіру бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновациялық даму басқармасы жерүсті маркшейдерлік зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде кәсіпорындардың өздеріне бөлінген аумақтардан тыс жерлерде пайдалы қазбаларды өндірудің 18 фактісін анықтады.

Қабылданған шаралар бойынша 3 кәсіпорын жалпы көлемі 2 миллион теңгеге жуық шығынды өз еркімен өтеді. Қазір 4 кәсіпорынға 10 миллион теңгеден астам шығынды өндіру туралы сот шешімдері қабылданды. 11 компанияға жалпы көлемі 500 миллион теңгеден астам шығынды өтеу бойынша сот процестері жалғасып жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

 Жер қойнауын пайдалану мәселелері прокуратураның бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама