Halyq Uni логотип
×

ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдері Олимпиадалық даярлау орталығымен танысты (ВИДЕО)

Іс-шараға көрші мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары қатысты

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2024 | 10:40
ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдері Олимпиадалық даярлау орталығымен танысты (ВИДЕО)
Фото: gov.kz/Туризм және спорт министрлігі

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты.

Кездесуде туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Үндістанныңтуризм және спорт министрлері мен өкілдеріне орталықтың жұмысы мен қызметі туралы айтып берді.

Олимпиадалық даярлау орталығы ТМД-дағы ең ірі спорт кешендерінің бірі саналады. Оның инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай салынған. Спорт нысанында бір уақытта 2 300 спортшы шыныға алады. Мұнда спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командалары даярланады.

Сондай-ақ іс-шарада туризм және спорт министрі, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Олимпиадалық даярлау орталығының аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы Милад Карими, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, 2000 жылғы Олимпиялық ойындардның чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Ольга Шишигина, сондай-ақ күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, 2021 жылғы Олимпиаданың  қола жүлдегерлері Софья Берульцева мен Елдос Сметов қонақтарға спорт алаңдарын таныстырып, ерекшеліктерін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама