×

Маймыл шешегінің не себепті өршіп кеткені анықталды

Адамдар мен жануарлардың мінез-құлықтары өзгеріп жатыр

фото: ашық дереккөзден

Маймыл шешегінің өршуі жаһандық климаттың өзгеруімен тікелей байланысты. ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар бойынша бағдарламасының директоры Майкл Райан осылай деп мәлімдеді.

Маманның айтуынша, ауа райының өзгеруінен, әсіресе, қуаңшылық кезінде жануарлар мен адамдардың мінез-құлқы өзгереді. Ал бұл құбылыс жануарларға тән аурулардың адамдарға жұғуына әсерін тигізеді.

«Маймыл шешегі адамдар арасында тез тарап барады. Індет жыл сайын Африка елдерінде тіркелетін. Алайда биыл вирус Еуропа елдерінде етек жайып барады. Аурудың өршуі экологиямен тікелей байланысты. Адамдар мен жануарлардың мінез-құлықтары өзгеріп жатыр. Климаттық дағдарыс, әсіресе, қуаңшылықтан болатын күйзелістен астық табу үшін адамдар мен мақұлықтардың іс әрекеттері өзгеріп жатыр. Климаттың өзгеруінен өзге де аурулар таралуы мүмкін. Әдетте сүтқоректілер мен құстар арқылы тарайды», - деді Майкл Райан.

Ғалымдардың тағы бір болжамы бойынша медициналық құрал-жабдық қалдықтары дұрыс жойылмағандықтан ауру етек жайып бара жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама