×

Ресейде АҚШ азаматтарының мүлкі тәркіленеді

Путин тиісті жарлыққа қол қойды

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2024 | 10:00
Фото: ТАСС/Валерий Шарифулин

Ресей президент Владимир Путин АҚШ азаматтарының мүлкін тәркілеуге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Ол мұны АҚШ-тағы Ресей кәсіпорындары активтерінің бұғатталғанына қарсы жауап деп атады. Бұл туралы rbc.ru хабарлады.

Жарлыққа сәйкес, АҚШ-та мүліктері тәркіленген ресейлік компаниялар шешімді негізсіз деп танып, Ресейдегі соттарға шағым түсіре алады. Егер Ресей соты АҚШ мемлекеттік мекемелерінің шешімін негізсіз деп таныса, онда оларға бұл мүлкін Ресейде анықталған АҚШ азаматтарының мүлкін тәркілеу арқылы шығынның орнын толтыруға мүмкіндік беріледі.

Еске сала кетсек, 24 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Конгрестің қос палатасы қабылдаған Украинаға әскери көмек көрсету жөніндегі заңға қол қойған болатын. Осы заңның бір бабында Ресейдің мемлекеттік активтерін Украинаға көмек ретінде тәркілеуге рұқсат берілген еді. Бұл активтің көлемі кейбір мәліметке қарағанда 300 млрд АҚШ долларына жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама