Тасқыннан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына үй алды
Барлығы 30 мыңнан аса өтінім қабылданды
Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына жер үй мен пәтер алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгінде 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астамкөлемде 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Бұл жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр.
Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды.
356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды, – делінген Үкімет хабарламасында.
Айта кетсек, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті.
Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған.