Алматыда сейсмология орталығын дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді
1986 жылы салынған орталық ғимараты ешқашан жөнделмеген
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және ұлттық ғылыми зерттеу орталығының ғимаратына барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ол мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып, түйткілді мәселелерді тыңдады.
1986 жылы салынған орталық ғимараты ешқашан жөнделмеген. Кейбір жабдықтар ескірген. Сонымен қатар, маман тапшылығы мәселесі де бар.
Біз ғимаратты қала бюджеті есебінен жөндеу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерге шамамен 2 млрд теңге бөлінеді. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді. Бұл орталық қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте маңызды. Сондықтан ол әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс, – деді Ерболат Досаев.
Орталық сейсмикалық қауіпті бақылау және бағалаумен айналысады. Сейсмологиялық бақылаулардың республикалық желісі бүкіл ел бойынша 70 станциядан тұрады. Мұнда жер қыртысының қозғалысы 160 түрлі өлшем бойынша бақыланады.